«Қазақстан-бейбітшілік пен келісім мекені»»

2019 жылдың 13 желтоқсанында «Емдеу ісі» мамандығының 2 курс студенттері эдвайзер Кульназия Данышпановна Тұрлыбекованың басшылығымен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім мекені» атты іс-шара өткізді.
іс-шараның мақсаты: патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстан халқының қазіргі және жарқын болашағы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Студенттер Тәуелсіздік туралы фильмдер, презентациялар көрсетіп, өлеңдер оқып, мерекелік концерттік бағдарлама қойды.
Жалпы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу студенттер мен педагогтардың рухани бірігуіне, отаншылдық сезімін және өз Отанының тағдыры үшін жауапкершілікті нығайтуға ықпал етті.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *