2026 жылғы 11 ақпанда колледжімізде Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Студенттер алдында Сарыарқа ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы МӨБ-24 қызметкері, азаматтық қорғау лейтенанты Б. А. Қараев сөз сөйледі.
Кездесудің мақсаты: жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, өрттің алдын алу және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдардың нақты алгоритмдерін пысықтау.
Кездесу барысында лейтенант Б. Қараев келесі негізгі мәселелерге тоқталды:
- Өрттің алдын алу: ақаулы электр құрылғылары және отқа ұқыпсыз қарау салдарынан болатын өрттерді болдырмау жолдары.
- Құтқару алгоритмі: «101» және «112» шұғыл қызмет нөмірлеріне қоңырау шалу ережелері, сондай-ақ ғимараттан ұйымдасқан түрде эвакуациялану тәртібі.
- Алғашқы көмек: өрт сөндіргіштерді және басқа да алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша шеберлік сағаты.
Мұндай кездесулер студенттеріміздің теориялық білімін бекітіп қана қоймай, экстремалды жағдайларда әрекет етуге психологиялық дайындығын арттыруға көмектеседі.
Есіңізде болсын: Сіздің қауіпсіздігіңіз — өз қолыңызда!

