2024 жылдың 1-4 қазан аралығында 1 курстың топ жетекшілері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қауіпсіздік сабағын «Қоғамдағы көліктегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары» тақырыбында өткізді. Мақсаты: студенттерге қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау және қауіпсіз мінез-құлық танытуға нұсқаулық беру.