10.06.2021 жылы «Даналық» колледжінің студенттері үшін А.С. Сейтахметова педагог-психолог және Р. Р. Берекетова полиция майорымен бірлесіп кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының пайда болу тәуекелдерін төмендету, қадағалаусыз, панасыз қалудың және құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық хабардарлықты дамыту мақсатында «Қауіпсіз орта» тақырыбында семинар өткізді. Демалыс уақытында студенттерге қажеттілік болған жағдайда Сенім телефондарына хабарласуға кеңес берілді, семинар аяқталғаннан кейін студенттерге вотсап топтарына сенім телефоны, педагог-психологтың визиткасы таратылды.