«Қарызсыз қоғам» тақырыбында 5 күндік курс

2024 жылдың 27-31 мамыр күндері Астана қаласы әкімдігі және «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен салық эксперті Рысбаева Әйгерім колледж оқытушылары мен 1ФМ-АК, 1ЛД-АК, 1ЛД-БК және 1СД-В топтарының студенттеріне «Қарызсыз қоғам» тақырыбында 5 күндік курс өткізді. Курстың мақсаты – тыңдармандардың қаржылық сауатын арттырып, қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, несие қарызының санын азайту жолдарын, қаржы пирамидасы мен түрлі алаяқтардың әрекеттерін қалай анықтауға болатынын түсіндіру. Курстың соңғы күні «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы, Болысбек Мұхаммед Әбдіәшімұлы мен колледж директоры Сарымсақов Жарқынбай Баймуратович барлық тыңдармандарға сертификат табыстады.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *