Абай: «Қарекет қыл, пайдасы көпке тисін»
⠀Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Себебі, біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет.
2020 жылдың 7 желтоқсанында колледждің «Ашық жүрек» еріктілер клубының мүшелері оқытушы А.Т.Нургожинаның жетекшілігімен Нұр-Сұлтан қаласының №2 арнайы мектебінің оқушысының отбасына тұрмыстық көмек көрсетті.