«Құтыру аса қауіпті инфекция» тақырыбында колледж ішілік конференция

2024 жыл 1 қазан күні «Мейіргер ісіндегі эпидемиология» пәнінің оқытушысы Карпикбаеваның Ж.А ұйымдастыруымен «Құтыру аса қауіпті инфекция» тақырыбында 4-СД-ВК тобымен колледж ішілік конференция өтті. Конференция 28 қыркүйек бүкіл әлемдік құтыру инфекциясымен күресу күніне арналады. Конференцияда құтыру ауруын санитарлы-эпидемиологиялық бақылау, профилактикалық шаралар, антирабиялық алдын-алу әдістері талқыланды. Құтыру ауруының әлемдегі және ҚР бойынша эпидемиологиялық жағдайы, статистикалық мәліметтер, кездесу жиілі мен маңыздылығы талданды. Инфекцияның клиникалық көрінісі қысқаша видео материалмен түсіндірілді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *