ҚР Президентінің «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан Халқына үндеуі бойынша студенттер арасында талқылау

2018 жылдың 7 наурыз күні «Даналық» колледжінде оқытушы Хасанов М.Н. ҚР Президентінің «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан Халқына үндеуі бойынша студенттер арасында талқылау өткізді. Оқытушы Қазақстан парламентінің қос палатасының бірлескен отырысында сөз алған президент Нұрсұлтан Назарбаев 5 әлеуметтік бастама көтергендігін айтты.  

Атап айтқанда Елбасы Ұлттық банкке қоры триллион теңгеден кем емес қаржысы бар  арнайы компания құруды және оны жаңа ипотекалық несиелерді сатып алуға бағыттау керек екендігін тапсырды, еңбекақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көтеру үшін салықтық жүктемені төмендетуді, студенттер үшін гранттар бөлуді және жаңа жатаханаларды құрылысын жүргізуді қаматамсыз етуді  ұсындық.   Президенттің тағы бір бастамасы  — 2018 жылы 20 миллиард теңгені шағын несие ретінде беру болды.  Соңғы бастамасы Қараөзек — Жезқазған – Караганда – Теміртау – Астана газқұбыры магистралі жобасын жүзеге асыру болды. Бұл үшін халықаралық қаржы институттарын және басқа да қаржы көздерін тарту қажет. Бұл біздің ортақ жұмысымыз.

«Біз жетістіктерге жеттік, бүгінгі күнге жеттік.  Бүгінгі күні  біздің бұл туралы жариялауға, осы жобаларды жүзеге асыруға күш-жігеріміз бен қаржылық мүмкіндігіміз жеткілікті.  Бұл бес бастаманың жүзеге асырылуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, ел экономикасының одан әрі  өркендеуіне ықпал етеді» — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *