Жаңа жыл — ең ғажайып, әдемі, ең жұмбақ және көңілді мереке! Желтоқсан айының басынан бастап мерекеге дайындық басталады: көшеде түрлі-түсті шамдармен безендіріліп, қаланың алаңдарында ұлы шыршалар өсіп, дүкендердің терезелерінде жаңа жылдық гирляндалар жарқырайды. Бұл ертегідегісенің сезіміңізді тудырады. Осы уақытта тіпті әуе Жаңа жылдың сиқырымен толы.
Жаңа жыл — бұл балалық шақ мерекесі, себебі әрбір ересек адам осы мерекені күтеді және оған дайындық үстінде. Адамдар достарына, туыстарына, жақын адамдарына сыйлықтар сатып алады, жаңа жылдық шыршаларды безендіреді, қонақтарды шақырады.
«Даналык» колледжінің 1-ЛД-АК тобының студенттері жасөспірімдерді бейімдеу орталығына барып «Қош келдің Жаңа 2018 жыл» атты мерекелік іс-шара өткізді. Концертте олар балалардың көңілін көтеру үшін алуан түрлі өнер көрсетіп, ойындар ойнатты. Жасөспірімдер бейімдеу орталықтың балалары студенттерді құшақ жая қарсы алды. Ойындарға белсене қатысып, түрлі сыйлықтар алып көңілдері көтеріліп қалды.Студенттер балаларды келе жатқан «Жаңа жыл» мерекесімен құттықтап, мерекелік көңіл — күйлерін көтеру үшін барды. Бәрі өте жақсы болды. Концерттің соңында балаларға колледжіміздің атынан сыйлық таратылды.Балалармен бірге студенттер де көңіл-күйлері көтеріліп, қуанып қалды. Жоспарлаған концертіміз ойдағыдай атқарылды.