2018 жылдың 26 сәуірі күні колледжде Қазақстандағы этностарды, азаматтық және рухани-мәдени қауымды жұмылдыру жолымен қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында Қазақстан халқының Бірлігі Күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты фестиваль өтті. Студенттер тарихи-мәдени дәстүрлерді, тұрмысты, сонымен қатар көптеген халықтардың этникалық және психологиялық ерекшеліктерін көрсетті.
Іс – шара қонақтары ретінде Сарыарқа ауданының Ардагерлер кеңесі қатысты: Ахметов Эбенгаббас Елемесұлы — төрағасы, Щербаков Валентин Петрович – Социалистік еңбек ері, Есенжолова Сагиля Абдрахманқызы – Социалистік еңбек ері, Гареев Инсафитдин Шарафеевич – тыл еңбеккері; Галюк Евгений Николаевич – тыл еңбеккері; Литвинова Людмила Ивановна – тыл еңбеккері; Мащукова Раиса Петровна – тыл еңбеккері. Қатысушы қонақтар этностардың презентацияларын бағалады. Қонақтар өз кезектерінде барлығын мерекемен құттықтап, студенттерді көптеген мемлекеттерде этникалық қақтығыстар болып жатқандығына қарамастан, ұлтымызға қарамай бір бірімізге әр уақытта құрмет көрсетуге шақырды.