2018 жылдың 13 ақпаны күні «Даналық» колледжінде 2018 жылдың 10 қаңтарындағы ҚР Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өндірістік төңкеріс жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру және талқылау мақсатында кездесу өтті.
Кездесуге «Нұр Отан» партиясының мүшелері, «БЗЖҚ АҚ» мобильді қызмет көрсету бөлімі басшысының орынбасары — А.С. Сагиева, «Clobal Cana» компаниясының бас директоры Т.С. Шингужинова қатысты.
9 қаңтар күні республикалық телеарналардан Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, Қазақстанның неғұрлым дамыған әлемнің 30 елінің қатарына жедел енуіне тарихи мүмкіндік туып отырғандығын мәлімдеді және 10 қаңтар күні ҚР Президентінің Жолдауының негізгі мәтіні баспасөзде жарияланды.
Қатысушыларға Президенттің Жолдауының негізгі мәнін жеткізе отырып, Елбасының өз сөздерін атап өтті: қазіргі уақытта технологиялық және инфроқұрылымдық дамудың жаңа кезеңіне серпіліс берілді. Конституциялық реформа билік тармақтарының неғұрлым нақты теңгерілімін қалыптастырды, ұлттық сананың жаңаруының үдерісі жолға қойылды. Бұл үш негізгі бағыт қазақстандық жаңғырудың жүйелік үштағаны болып табылады.
Елбасы мемлекет алдында тұрған 10 негізгі міндеттерді айқындап берді:
- Индустриализациялауды жаңа технолгияларды енгізудің бастамашысына айналуы қажет.
- Шикізаттық потенциалды одан әрі дамыту.
- «Ақылды технологиялар» — агроөнеркәсіптік кешеннің дамуындағы серпіліс үшін үлкен мүмкіндік . Транспорттық-логистикалық инфроқұрылымның тиімділігін арттыру.
- Құрылыста және коммуналдық секторда заманауи технологияларды енгізу.
- Қаржы секторындағы «Қайта жүктеу».
- Адам капиталы – жаңғырудың негізі.
- Тиімді мемлекеттік басқару.
- Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
- «Ақылды ұлт» үшін «ақылды қалалар».
Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруде, — сонымен қатар мәтінде орыс тілін білу маңызды болып қала беретіндігі айтылды.
2016 жылдан бастап жаңартылған бағдарламалар бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-ші сыныптан бастап оқытылады. 2019 жылдан бастап 10-шы және 11-ші сыныптардағы жекелеген жаратылыс ғылымы пәндерін ағылшын тілінде оқытуға өту басталады. Нәтижесінде біздің түлектер елде және жаһандық әлемде өмір сүретін және жұмыс істейтін деңгейде үш тілді меңгереді, сол кезде нағыз азаматтық қоғам орнайды, кез келген этникалық топтың адамы кез келген жұмысты таңдауға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті 2018 жылы «өнеркәсіптің «сандық дәуіріне» арналған индустриализациялаудың үшінші бесжылдығын» бастау міндетін алға қойды.
Елбасы саяси тұрақтылықтың және қоғамдық келісімнің арқасында біз экономиканы, саясатты және сананы жаңғыртуға кіріскендігімізді атап өтті, сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы қазақстан халқына сенім білдірді.
— Жаңа заманға лайық болу үшін бізге келешекте біртұтас ұлт, Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайындағы тарихи өрлеу табалдырығында тұрған ұлт болып қалыптасу қажет – делінген ҚР Президентінің Жолдауының қортындысында.
Студенттер осы Жолдауда қойылған басымдықтар мен міндеттерді нақты істерімен бекітуді өздерінің азаматтық парызы ретінде санайды және өздерінің ауқымды міндеттерді шешуге қатысы барын жүзеге асыруға жауапты екендіктерін түсінеді.