«Қазақстан нарығындағы фармацевтикалық компаниялар» атты дөңгелек үстел

2019 жылдың 15 наурызында «Даналық» колледжінде «Фармация» мамандығының апталығының жабылуы аясында «Қазақстан нарығындағы фармацевтикалық компаниялар» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Қазақстан нарығында фармацевтикалық компанияның даму мәселелерін, болашақ проблемалары мен перспективаларын талқылау.

Дөңгелек үстел жұмысына фармацевтикалық компания өкілдері шақырылды: Аралбаева Гульнар Архалыковна, «SANTO» компаниясы, Рейнгардт Лариса Петровна, «TEVA» компаниясы, Раимханова Раушан Балғабековна, «Гриндекс» компаниясы, Каюпов Еркин Алтынбекович және Байдаулетова Анна Александровна, «Europharma» компаниясы, Хаджиев Махмуд Ибрагимович, «БерлинХеми» компаниясы. Дөңгелек үстелде Қазхастанда дәрілік заттарды өндіру, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *