2019 жылдың 14 наурызында «Даналық» колледжінде «Фармация» апталығы аясында студенттердің реферативтік-іздестіру жұмыстары бойынша «Қазақстан фармациясының болашағы» атты колледжішілік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты: студенттердің жеке қасиеттері мен қабілеттерін анықтау және дамыту. Болашақ мамандықпен байланысты материалды тереңдете оқыту мақсатында белсенді өздігінен білім алуға шақыру. Студенттер ҚР фармацияның даму мәселелері мен перспективалары туралы баяндамалар жасады.