«Қазақстан аймағындағы жергілікті аурулар» атты дөңгелек үстел

2018 жылдың 22-ші ақпанында «Даналык» колледжінде Емдеу ісі апталығы аясында «Қазақстан аймағындағы жергілікті аурулар» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел бөлім менгерушісі Баранбаева Н.К мен 3ЛДГ топ студенттерінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Дөңгелек үстелге Майер Юлия Александровна — «Қоғамдық денсаулықты қорғау» департаменті аса-қауіпті және карантин аурулары бөлім жетекшісі, Сливкина Наталья Владимировна — «Астана медицина Университеті» АҚ м.ғ.д, тамақтану және медицинадағы  алдын алу кафедрасы доценті  қатысты.

Қонақтар жергілікті аурулар жайлы айтты. Жергілікті ауру — шектеулі аумақта көп уақыт тұратын, сол жердің табиғи және әлеуметтік жағдайларына байланысты адамдарда байқалатын ауру түрі. Жергілікті ауру тұрақты жергілікті жұқпалы ауру көздерімен, яғни жергілікті табиғи ауру ошақтарымен немесе жұқпалы емес ауру көздерімен — эндемиялық зоб (ішетін суда, тамақта йодтың жетіспеуінен), флюороз (топырақта, суда фтордың артық болуы) , тіс кариесі (суда, тамақта фтордың жетіспеуінен), т.б. байланысты

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *