2019 жылдың 15 сәуірінде «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясының жұмыс жоспарына сәйкес колледжде оқытушы А. Т. Нургожина «Қауіпсіз интернет» фотоконкурсын өткізді.
Ақпараттық кампанияның мақсаты: студенттер мен педагогтердің назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, студенттердің Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде студенттердің жауапкершілігін жоғарылату.
Көрсетілген шараларды іске асыру нәтижесінде студенттердің, педагогтардың интернет сауаттылығын көтеру күтілуде, сонымен қатар шараға қатысушылардың интернетті қауіпсіздік күйге келтіру, интернет жүйесіндегі әңгімелесушімен әңгімелесу барысында құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру.