Қасым Қайсеновтің 100 жылдығына арналған «Қазақтың Қаhарман Қасымы» атты ерлік сағаты

2018ж 14 мамыр күні  «Даналык» колледждің  1 курс студенттері оқытушы К.Д.Турлыбекованың жетекшілігімен Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі-өнеге тұту мақсатында  Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның Халық Қаhарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тіріcінде аты аңызға айналған  халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті Қасым Қайсеновтің 100 жылдығына арналған «Қазақтың Қаhарман Қасымы» атты ерлік сағатына қатысып, ат салысты.

Студенттер тәрбие сағатында Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Қайсенов туралы бейнефильм тамашалап, партизандық және шығармашылық өмірі жайлы слайдтар, көптеген мағлұматтар алып, білімдерін тереңдетті.

Сонымен қатар студенттер жазушы Қасым Қайсеновтің ерлік пен патриотизм шығармашылығына арналған кітаптар көрмесімен танысты.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *