2018 жылы 05 желтоқсанда «Даналық» колледжінің «Микробиология және вирусология» пәні оқытушысы Мұхажанова Гульмира Оразханқызының жетекшілігімен, 1-ЛД-АК тобының студенті – Батырханұлы Аслан және 2-СД-БК тобының студенті — Мусиралиева Ажар Астана Медицина Университетінің «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «ЖИТС алдын алу мен күрес бойынша медицинаның өзекті мәселелері» атты халықаралық XI студенттік ғылыми-практикалық монотематикалық конференциясына қатысып, 29 қатысушының ішінен 3 орынға ие болып III дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Жалпы қатысушылар: «Астана Медицина Университеті» АҚ, «Қарағанды Медицина Университеті» АҚ, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Даналық» колледжінің студенттері.
Ғылыми жетекші Мұхажанова Гульмира Оразхановаға осы конференцияға студенттерді ғылымға баулығаны үшін «Астана Медицина Университетінің» АҚ ректоры, профессор М.З. Шайдаровтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
Студенттер «ЖИТС-колледж студенттерінің көзімен» атты баяндама жасады. Баяндамада иммундық тапшылық түсінігі, 2.11-30.11.2018 аралығында 1-ші, 2-ші студенттер арасында өткізілген «ЖИТС туралы не білесіз?» сауалнаманын мониторингімен қорытындысы айтылды.
Конференцияға қатысу мақсаты: жастар арасындағы ЖИТС дертінің қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіру, медициналық сауаттарын одан ары қарай дамыта отырып, ЖИТС – пен ауыратын жастар санын азайту, қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі болып отыр.