2019 жылы 29 қаңтарда «Даналық» колледжінде студенттерге арналған «Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын-алу» атты семинар-тренинг өткізілді. «Құқық» қоғамдық қорының заңгері Е. А. Қожахметов және психологы О. В. Саратова қол жетімді түрде ауытқушылық мінез-құлықтың пайда болу себептері және жасөспірімдерде тәуелділіктің қалыптасуы туралы айтты. Студенттерге тәуелділіктің пайда болуының теоритикалық аспектілері, сондай-ақ ойын, жаттығу, практикалық іс-әрекет мысалдары түріндегі практикалық құралдар ұсынылды.