2018 жылдың 25-ші қазаны күні «Даналық» колледжінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлықтың, токсикаманияның алдын алу бойынша Астана қаласының ІІД ЕҚКБ — ның жедел қызметінің құзырлы аға қызметкері Қибатқызы Ә, кәмелетке толмағандар ісі бойынша бөлімшелік инспектор полиция капитаны Берекетова Б.Б — құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлескен «Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу. Жасөспірімдер бойында СӨС дағдыларын қалыптастыру, құқықбұзушылыққа, студенттер арасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы әрекеттер. Қазақстанда тиым салынған «Спайс», «Соли» синтетикалық есіркілерді қолданудың зардаптары» туралы дәріс өткізілді. Студенттер темекі шегудің және есірткілердің зияны туралы фильм көрді және өзара талқыға салды.