23 қаңтар күні «Даналық» колледжінің студенттері «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылу салтанатын тамашалады. Салтанатты рәсім ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында «Нұр әлем» павильонында өтті.
Іс-шараға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Үкімет мүшелері, депутаттар, жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері, «100 жаңа тұлға» конкурсанттары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, шығармашыл, студент және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, ерекше қажеттіліктері бар жастар, жас әскери қызметшілер және т.б. қатысты.
Іс-шара аясында жас қазақстандықтар жүзеге асыратын табысты жобалар мен жаңа өнімдер таныстырды.