2018 жылдың 24 қазанында «Даналық» колледжінің студенттері Қоғамдық істерді дамыту басқармасы, Астана қаласының ІІД және «Қазақстан жастары конвенті» ЖҚ-ы ұйымдастырған «Сақшы» құқықтық тәртіпті қадағалау отрядының рейдтік іс-шараларына қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілікті арттыру, тұрғындардың студенттік отрядтарының жұмыстары туралы ақпараттандырылуын арттыру болды.