Мурзагулова Зоя (Ақжайық) Галимовна
(1934-2016)
Адам өмірінің өзі — табиғатпен берілген байлық және оның қалай өмір сүретіні көптеген факторларға байланысты, бірақ бастысы – ол өзі.
Мурзагулова Зоя Галимовна 05.02.1934 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Мурзагулова Зоя Галимовна ҚР мейірбикелік білім беру саласының ардагері және ұйымдастырушысы, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, үкіметтік марапаттары бар. Қазақстандағы Мейірбике ісінің көшбасшысы.
Қоғамдық қызметпен айналысты, Петропавл қаласының қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды, Бүкілодақтық медициналық білім берудің әдістемелік кеңесіне мүше болуы және өзінің белсенділігі арқасында Кеңес одағы кезінде көптеген медициналық колледждердің іс-тәжірибесін меңгерді.
Мурзагулова Зоя Галимовна республикадағы жеке білім беру саласының негізін қалаушы болып табылады. 1998 жылы ол Астана қаласында «Даналық» алғашқы жеке медициналық колледжін ашты.
Зоя Галимовна Мурзагулова республикадағы Мейірбике ісі мен медициналық білім беру мәселелерімен табысты айналысатын көптеген шәкірттері мен ізбасарлары қалды.
Зоя Галимовна, өзінің көптеген құрметті атақтар мен салиқалы жасына қарамастан көп мақсаттар мен міндеттерді алдын ала қоя білді.
Зоя Галимовна жасаған барлық нәрсені сипаттау мүмкін емес. Мұны көру, оның көзқарасын сезіну, оның сөйлеген сөздерін тыңдау керек.
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗ, СІЗ БІЗДІН ЕСІМІЗДЕ МӘНГІЛІК ҚАЛАСЫЗ!