2018 жылдың 10 желтоқсанында «Даналық» колледжінде «Жалпы білім беру және жалпы гуманитарлық пәндер» ЦӘК тарихшылар мен құқықтанушылар онкүндігі аясында «Құқық негіздері» пәнінің оқытушысы Ж. Ж. Қабенованың жетекшілігімен «Медициналық қызметкердің құқықтары мен міндеттері» атты колледжішілік конференция өткізілді.
Конференция мақсаты:
- студенттердің медицина қызметкерлерінің құқығы мен міндеттері туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, жауапкершіліктерін арттыруға үйрету;
- өз мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.