2019 жылдың 21 ақпанында «Даналық» колледжінде «Медбикелік іс» мамандығы бойынша дуалды оқыту элементтерін енгізу перспективасы» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Құзіретті мамандарды жұмыс берушілермен бірлесіп даярлау мәселелерін талқылау және «Медбикелік іс» мамандығы бойынша дуалды оқыту элементтерін енгізу перспективасы.
Дөңгелек үстел жұмысына колледждің әлеуметтік серіктестері: ҰҒМО медбикелік ісінің басшысы Ибраев Жумабек Аманжолович, №5 қалалық емхананың күндізгі стационарының аға медбикесі Айгуль Альмуратовна Есеркепова, №6 қалалық емхананың балалар бөлімінің аға медбикесі Әсемгүл Акжановна Алибаева, №6 қалалық емхананың мектепке дейінгі және мектеп бөлімшесінің аға медбикесі Алтынай Кабиевна Беркенова, Астана қаласының медициналық колледждерінің өкілдері, колледж түлектері мен студенттері қатысты.
Алғы сөзбен «Даналық» колледжінің атқарушы директоры Жаркынбай Баймуратович Сарымсақов және ҰҒМО медбикелік ісінің басшысы Жумабек Аманжолович Ибраев дөңгелек үстелді ашты. «Дуалды оқыту-кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың маңызды шарты» атты баяндамамен практикалық оқытудың меңгерушісі Райхан Турсынгалиевна Елеуова, «Даналық» колледжінде «Медбикелік іс» мамандығында дуалды оқыту элементтерін енгізу» атты баяндамасымен арнайы пәндер оқытушысы Злиха Калижаровна Меерманова сөз сөйледі. Дөңгелек үстел қатысушылары дуалды оқыту элементтерін енгізуде туындайтын оң жақтары мен қиындықтарын атап өтті.