«Медбикелік іс» апталығының ашылуы

2019 жылдың 11-15 ақпаны аралығында «Даналық» колледжінде » Медбикелік іс» апталығы өтеді. Апталық аясында ақпанның 11-конференция өтті

3сд-АК-11, 4СД-АК, 4СД-БК бітіруші топтарының студенттері клиникалық пәндер оқытушы С. С. Бейсенованың жетекшілігімен ұйымдастырылған «Жүрек қантамырлар жүйесі аурулары кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдастыру» атты колледжішілік конференция өткізілді.

Конференцияны өткізудің мақсаты-студенттердің медицинаның түрлі салаларындағы өзекті мәселелерді зерттеу мен зерттеуге қызығушылығын ынталандыру.

Конференцияға атқарушы директор Ж. Б. Сарымсақов, практикалық оқыту меңгерушісі Р. Т. Елеуова, клиникалық пәндер оқытушылары: С. Д. Бекенова, А. К. Бисембаева, Н.М.Арғынғазинов , Н.Б.Темирбаева, 4СД-БК, 2ЛД-БК, 3СД-АК-11, 4СД-АК, 4СД-БК қатысты.

Конференцияны клиникалық пәндер оқытушысы С.С.Бейсенова: «Қазіргі кезде жүрек қантамырлар жүйесі ауруларынан әлемде жыл сайын 17 миллион адам көз жұмады. Қазақстанда Еуропамен салыстырғанда бұл аурумен екі есе көп адам ауырады.» деп ашты.

Оқытушылар мен студенттер барлық баяндамаларды мұқият тыңдады.  Баяндамалар өзекті, ақпараттық және пайдалы болды.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *