2018 жылдың 20 желтоқсанында «Даналық» колледжінің 1 курс студенттері арасында педагог-психолог А.С. Сейтахметова «Керемет әлем» атты Қазақстан психологтар күніне арналған психология апталығының салтанатты ашылуын өткізді. Іс-шара колледжде студенттердің психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, психологиялық біліктілікті арттыру, студенттердің бірлігі мен қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау мақсатында өткізіледі.