2018 жылдың 30 қарашасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған тарихшылар мен құқықтанушылар онкүндігін өткізу аясында Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Г. Е. Жақсылықованың жетекшілігімен «Мейірбике ісі» мамандығының 1 курс студенттерімен «Кемеңгер елбасы» атты конференция өткізілді. Бұл іс-шара студенттердің бойында қазақстандық патриотизмнің терең сезімдерін қалыптастыруға, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған.