15-19 қазан аралығында «Даналык» колледжінің студенттері медицина саласының колледждерінің арасында Гиппократ атындағы олимпиада өткізілді
15-19 қазан аралығында «Даналық» колледжінің студенттері «Гиппократ» республикалық қашықтық олимпиадасына белсене қатысты.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеті: Ғылыми әлеует пен бәсекеге қабілеттілікті жетілдіру; таңдап алған мамандығына деген қызығушылықты арттыру; дарынды және талантты білім алушыларды анықтау; танымдық дағдыларға баулу; ақпараттарды өздігінен іздеу және пайдалануға үйрету; кәсіби ойлауы мен белсенділігін дамыту; кәсіби және жалпы құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.
Олимпиада қорытындысы бойынша 2-СД-В тобының студенті Қаржаубаева Жібек 1 орын, жетекшісі Темірбаева А. М. 10 студент -2 орын, 22 студент -3 орын және 25 студент грамотаға ие болды. Жетекшілерге алғыс хаттар табыс етілді.
Біздің студенттер жақсы нәтиже көрсеткеніне қуаныштымыз.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!