15-19 қазан аралығында «Даналық» колледжінің 58 студенты «Гиппократ» республикалық қашықтық олимпиадасына қатысты.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеті: Ғылыми әлеует пен бәсекеге қабілеттілікті жетілдіру; таңдап алған мамандығына деген қызығушылықты арттыру; дарынды және талантты білім алушыларды анықтау; танымдық дағдыларға баулу; ақпараттарды өздігінен іздеу және пайдалануға үйрету; кәсіби ойлауы мен белсенділігін дамыту; кәсіби және жалпы құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз! Нәтижелерді бір айдан кейін күтеміз!