2019 жылдың 4 ақпаны күні «Даналық» колледжінің студенттеріне «Ана үйі» ҚҚ отбасылық тәрбие беру аясында «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты семинар-тренинг өткізді.
Семинардың мақсаты мен міндеті:
— Ерте жүктіліктің алдын алу.
— Кәмелетке толмағандардың денсаулықтарын қорғау.
— Студенттердіің бойында өзін-өзі күтудің дұрыс гигиеналық нормаларын қалыптастыру.
— Әр жыныстағылардың арасында таза және шынайы қарым-қатынастар мәдениетін тәрбиелеу.
Семинар-тренинг мазмұнға бай, ең бастысы пайдалы болды. Әр тыңдаушы өзін толғандыратын сұрақтарына жауап ала алды, сонымен қатар өзі үшін пайдалы ақпараттар алды.