2018 жылдың 13 желтоқсан күні «Даналық» колледжінде «Жалпы білім беру және жалпы гуманитарлық пәндер» ЦӘК тарихшылар мен құқықтанушылар онкүндігі аясында «Қазақстан тарихы» пән оқытушысы М.Н. Хасановтың жетекшілігімен «Емдеу ісі» мамандығының студенттерімен «Егемендіктен Тәуелсіздікке дейінгі экономикалық интеграция» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында «Ұлы даланың 7 қыры» және «Рухани жаңғыру» бағдарламаларының мәселелері қозғалды. Бұл іс-шара студенттердің бойында қазақстандық патриотизмнің терең сезімдерін қалыптастыруға, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған.