2018 жылдың 29 қарашасында «Даналық» колледжінің 1 курс студенттері «Политехникалық колледжінде» ұйымдастырылған «Дәстүрлі Ислам және ханафиттік мазхаба түсінігі» атты конференцияға қатысты. Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдерді діни теріс ағымдардан, экстремистік ұйымдардан аулақ ұстау, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.
Конференция барысында Қазақстан Республикасының Прокуратурасы, Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігі өкілдері және мешіт имамы дәріс оқып, студенттерге кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық және қылмыспен күресу шараларын, діни ағымдардың алдын алу шаралары туралы түсіндірді.