2019 жылдың 22 ақпаны күні «Даналық» колледжінің студенттері маскүнемдіктің, нашақорлықтың және темекі шегудің алдын алу бойынша «Біз салауатты өмір салты үшін!» тақырыбында өткізілген қалалық акцияға қатысты. Колледж командасы өзін лайықты көрсете білді, флешмоб биледі және көрермендердің жан дүниесіне әсер етіп, көздеріне жас үйірген салауатты өмір салтын насихаттайтын қойылым көрсетті.