«Менің тілім-менің досым» пән үйірмесінің жетекшісі Қ. Д. Тұрлыбекова үйірме жұмысының жоспарына сәйкес және студенттерді кітап оқуға тарту мақсатында балалар-жасөспірімдер кітапханасына экскурсия ұйымдастырды.
Кітапхана қызметкерлері үйірмелерге қатысушыларды кітаппен жұмыс істеу, электронды оқулықтарды пайдалану ережелерімен, кітапханалық-библиографиялық сауаттылық негіздері бойынша базалық түсініктермен таныстырды.
Сондай-ақ, «Кітап-ғажайп әлемі», » Өмірдің тәуелділік бағасы «, «Астана-Отанымыздың жүрегі», «Мен және менің әлемім» тақырыптарына ұйымдастырылған көрмелерді тамашалады.
Экскурсия соңы «Денсаулық немесе зиянды әдеттер. Сен не таңдайсың?» атты тренингпен аяқталды.