2019 жылдың 26 ақпанында «Даналық» колледжінің студентеріне Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнінің іс –шаралар жоспарының аясында колледждің медициналық қызметкері Ф.Ж. Умерсеитов «Алғашқы медициналық көмек көрсету» атты оқыту семинарын өткізді.
Алғашқы көмек көрсетудің басты мақсаты – зардап шеккен адамның ауырсынуын азайтуға және болуы мүмкін асқынулардың алдын алуға, оны құтқарып қалуға бағытталған қарапайым іс-шараларды орындау.