2018 жылдың 06 қазанында «Даналық» колледжінің ұжымы ЦӘК отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы талқыланды.
Ұжым алдында баяндама жасаған оқытушы Ж. Ж. Кабенова ел Президентінің жолдауы жайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталғанын, клиникалық пәндер оқытушысы А. А. Амангельдинов «Медициналық қызметтердің сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің маңызды компоненті болып табылады» атты Жолдауының тармағына назар аударды. Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Г. Е. Жақсылықова әрбір қазақстандық елдегі қайта құру процесіне қатысуы тиіс екенін атап өтті. Бөлім меңгерушісі Жагипарова А. К. Жолдау республиканың өмірі мен әл-ауқатын жақсарту үшін мемлекет алдына қойылған нақты міндеттерді көрсететінін атап өтті. Инфрақұрылымға, автомобиль жолдарының құрылысына көп көңіл бөлінді. Мемлекет орта және шағын бизнес мәселелерін тағы да назардан тыс қалдырмағаны қуантады деп атап өтті.