2018 жылдың 28-30 қараша күндері аралығында «Даналық» колледжінің студенті Бибіжамал Жанат Астана қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырған қысқы «Жастар синергиясы» лагерінің жұмысына қатысты.
Бұл іс шараға 16 мен 29 жас аралығындағы елорданың 150-ге тарта белсенді студенттері қатысып, елімізге танымал тұлғалардың дәрістерін тыңдады. Тіркеуден өткен жастар ұйымдастырушылар ұсынған 5 бағыт бойынша 50 топтық және 15 жекелей жоба ұсынды. 3 күн бойы қатысушылар арнайы шақырылған танымал тұлғалармен бірге жобаларын толықтырып, жүзеге асыра алды. Бибіжамал Жанат колледждің «Қайырымды қолдардан, сүйіспеншілікпен!» әлеуметтік жобасын ұсынды және іс –шара қорытындысы бойынша қатысушы сертификатына ие болды.