2015 жылдың 15 қазанында «Даналык» колледжінде «Қазақстан республикасындағы медбикелік істің дамуының кешенді жоспарын 2020 жылға дейін жүзеге асыру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына біздің әлеуметтік серіктестеріміз №6 қалалық емхананың қызметкерлері: медбикелік істің бакалавры, учаскелік медбике — А. А. Алибаева, мектеп пен мектепке дейінгі бөлімшенің аға медбикесі- А.К. Беркенова, практикалық оқытудың меңгерушісі -Елеуова Р.Т., клиникаалық пәндер оқытушылары: Бисембаева А.К., Бекенова С.Д., Бейсенова С.С., Бекбергенова Д.С., Тлеуов Е.А., «Медбикелік іс» бөлімі 3-СД-АК- 11 3-СД-В, 3-СД-БК топтарының студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: «Қазақстан республикасындағы медбикелік істің дамуының кешенді жоспарын 2020 жылға дейін жүзеге асыру бағдарламасымен таныстыру; жұмыс берушілермен бірге құзырлы мамандарды дайындау сұрақтарын талқылау; болашақ медбикелерді жауапкершілікке, ұйымдастырушылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында медбикелік істің дамуының кешенді жоспарын 2020 жылға дейін жүзеге асыру туралы ақпарат тыңдалды, медбикелік істі реформалау жайлы пікір алмасылды.