2019 жылдың 06 ақпанында «Даналық» колледжі «Құзыретті мамандарды даярлауда инновациялық технологияларды қолдану» атты Ашық есік күнін өткізеді.
Мақсаты: Құзыретті мамандарды даярлауда заманауи медициналық және инновациялық технологияларды қолдану тәжірибесімен алмасу.
Іс шараға Астана қаласы «Білім беруді жаңғырту орталығы» КММ әдіскерлері және техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының оқытушылары.
Ашық есік куні аясында 6 ашық сабақ өткізілді.
Сабақ өткізу барысында оқытушылар әртүрлі инновациялық технологиялар мен оқытудың әдіс — тәсілдерін қолдана отырып, өздерінің педагогикалық және кәсіби шеберліктерін аша білді. Өткізілген барлық сабақтар жоғары дәрежеде бағаланды.